Accessibility links

Министр: Кейбір жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды азайту керек


Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.
Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.

Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі азаюуы мүмкін деп хабарлады бүгін сенатта өткен үкімет сағатында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасмов.

Министрдің айтуынша, әкімшілік заңнаманы оңтайлы ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 түрі бойынша салынатын айыппұл сомасын азайту жоспарланып отыр. Қасымов айыппұл көлемі азайтылуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарында мүгедектерге арналған тұраққа көлік қою, жолдың рұқсат етілмеген шетінде көлікпен тоқтап тұру және оны тұраққа қою сияқты құқық бұзушылық барын айтты. Алайда, мүгедектерге арналған тұраққа көлік қойғаны үшін салынатын айыппұлды азайту жол ережесін өрескел бұзатындарға арналмаған. Яғни, ұсақ ереже бұзғандар ғана аз көлемде айыппұл төлейді.

Қасымов жүргізуші көлік жарығын міндетті түрде қосып жүру туралы талапты бірінші рет бұзған болса тек ескерту жасау ұсынылатынын айтады.

XS
SM
MD
LG