Accessibility links

Гүлбеддин Хекматияр "Талибанды" "мақсатсыз" соғысты тоқтатуға шақырды


"Хизб-и-Ислами" партиясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Гүлбеддин Хекматияр.
"Хизб-и-Ислами" партиясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Гүлбеддин Хекматияр.

Ауғанстандағы ең беделді қолбасшылардың бірі Гүлбеддин Хекматияр «Талибан» қозғалысын үкімет әскеріне қарулы қарсылықты тоқтатып, бейбіт келіссөздер бастауға шақырды. Ол елдегі қазіргі қарулы қақтығыстарды «еш мән-мағынасы әрі мақсаты жоқ» деп атаған. Ауғанстандық саясаткерлер және өзінің жақтастарымен Лагман уәлаятында өткен кездесуде сөйлеген Хекматияр Ауғанстанды еркін, тәуелсіз ислам мемлекеті ретінде көргісі келетіні туралы мәлімдеген.

Бұл "Хизб-и-Ислами" партиясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Гүлбеддин Хекматиярдың соңғы жиырма жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет көпшілік алдында жасаған мәлімдемесі болды. Хекмиятар былтыр қыркүйекте Ауғанстан үкіметімен алғашқы бейбіт келісімге қол қойған. Келісімде исламшылдар қарулы қарсылықты тоқтатқан жағдайда Хекматиярдың қамаудағы жақтастарына бостандық беру қарастырылған.

Гүлбеддин Хекматияр ауған қауіпсіздік күштерінің әскери іс-қимылға машықтанған, тиімді күш екенін мойындайтыны және оларға қарсы соғысу «мән-мағынсыз және заңсыз» екені жайлы мәлімдеген.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі биыл ақпанда бұған дейін Гүлбеддин Хекматиярға қарсы салынған санкциялардың күшін жойғаннан кейін жиырма жылға жуық уақыт шетелде қуғында жүрген оған елге оралуға мүмкіндік туған.

XS
SM
MD
LG