Accessibility links

Түркияда төрт мыңға жуық адам жұмыстан босатылған


Түркия президенті Режеп Ердоған.
Түркия президенті Режеп Ердоған.

Түркияда сенбі күні мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және тағы басқа – барлығы 3900-ден астам адам жұмыстан босатылған.

Үкіметтің ресми Official Gazette басылымының хабарлауынша, жұмыстан шығарылғандардың 1100-ден астамы әділет министрлігінің қызметкері, 480-нен астамы оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, 200-ден астам адам - дін істері жөніндегі министрлігінде жұмыс атқарғандар.

Түркияда бұған дейін 120 мыңға жуық адам жұмыстан босатылып, 40 адам тұтқындалған.

Сәуірдің 29-ы күні Түркия билігі «елді жаманатты қалды» деп айыптап, интернеттегі Wikipedia онлайн-энциклопедиясын бұғаттап тастады. Анкараның пікірінше, аталған сайттың кей мақалаларында Түркияның террорлық топтармен байланысы бар деп айтылған. Бұған дейін Wikipedia сайты әкімішілігі түрік билігінің наразылығын тудырған контентті жоюдан бас тартқан.

Түркияда 2016 жылғы шілденің 15-і күні мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін басталған репрессия науқаны әлі жалғасып жатыр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған төңкеріс жасауды әзірлеген деп қазір АҚШ-та тұрып жатқан түрік оппозициялық діни қайраткер Фетхуллах Гүленді айыптайды. Ердоғанның пікірінше, Түркиядағы Гүленнің ұйымдары мен жақтастары «ел билігінің іргетасын шайқалтуға» тырысып отыр, Фетхулла Гүлен Түркияда былтыр жазда болған әскери төңкеріс жасау әрекетіне қатысы жоқ екенін айтады.

Батыс елдері, соның арасында Еуропа Одағы да түрік билігінің іс-әрекетін сынап келеді.

XS
SM
MD
LG