Accessibility links

Көшкін жүрген қырғыз ауылында іздеу операциясы тоқтатылды


Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.
Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысы Өзген ауданындағы Аюу ауылында көшкін жүрген жерден екі қыз баланың сүйектері табылды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Құрбан болғандар жергілікті тұрғын Абдисалам Ризабаевтың қыздары екені анықталған.

Бұған дейін жексенбі күні таңертең апат болған жерге қар түсуіне байланысты іздеу шарасы тоқтатылған еді. Құтқарушылар көшкін орнына жиналған су ауылға қауіп төндіретіндіктен, суды басқа бағытпен ағызу үшін арық қазып жатыр.

Сәуірдің 29-ы күні таңертең жүрген көшкін салдарынан Аюу ауылында жеті үй тас-топырақ астында қалып, 24 адам қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың тоғызы – балалар.

XS
SM
MD
LG