Шағын футболдан Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Кубогының қола жүлдесіне ие болды деп хабарлайды Sports.kz.
Қола жүлде үшін бүгін Алматыда өткен матчта жергілікті клуб ресейлік «Югра» командасымен кездескен. Ойынның негізгі бөлігі 5:5 есебімен тең аяқталған соң жеңімпазды пенальти арқылы анықтады. Бұл бәсекеде 3:2 есебімен «Қайрат» басымдық танытты.
Футзалдан УЕФА Кубогының финалында Португалияның «Спортингі» мен Испанияның «Интері» кездеседі.