Accessibility links

Тиллерсон Қазақстан сыртқы істер министрімен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон кеше Вашингтонда кездесті. Ресми ақпарат бойынша, кездесуде тараптар екі арасындағы әріптестік мәселелерімен бірге Сириядағы ахуал, Ауғанстандағы жағдайды талқылап, Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде және Корей түбегіндегі жағдайға байланысты пікір алмасқан.

Қайрат Әбдірахмановтың БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы талқыланды деп хабарланды. Қазақстанның ресми өкілдері сәуірдің 28-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Корея проблемасына қатысты АҚШ-тың төрағалығымен өткен министрлер талқылауына қатысқан.

Корей түбегінде әскери шиеленістің өршуі халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр. Соңғы апталарда Солтүстік Корея ядролық әлуетін арттыратыны, жаппай қырып-жоятын қару сынағын өткізетіні және аймақтағы АҚШ әскеріне алдын ала соққы беретіні туралы күн сайын дерлік мәлімдеп, қоқан-лоққы жасайды. АҚШ Корей түбегіне әскери-теңіз күштері тобы мен атом сүңгуір кемесін жұмсап, жыл соңына қарай Оңтүстік Корея аумағында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатуға уәде еткен. Вашингтон Біріккен Ұлттар Ұйымын Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қатаңдатуға шақырып, Корей түбегін ядролық қарудан ада ету жөніндегі келіссөздерге дайын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG