Сауд Арабиясы билік орындарының мәліметі бойынша, былтыр жазда Медине қаласында жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен елде 46 адам ұсталған. Олардың 32-сі Сауд Арабиясы азаматтары, қалғандары шетелдіктер. Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде күдіктілер елдің батысындағы Джидда қаласында ұсталғаны айтылған.
Мұсылмандардың ең қасиетті орындарының бірі – Медине қаласындағы пайғамбар мешіті маңында жасалған шабуыл салдарынан күзет қызметінің төрт адамы мерт болған. Шабуылға жауапкершілікті ешкім алмаған, бірақ күдік Сауд Арабиясында монархияны құлатуға үндеп жүрген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына түскен.
Сауд Арабиясы ішкі істер министрлігі сәуірдің 30-ы күні таратқан мәлімдемесінде шабуылға жауапкершілік кімге жүктелетіні айтылмаған. 2014 жылдың ортасынан бері «Ислам мемлекеті» тобы содырлары Сауд Арабиясында бірнеше шабуыл жасаған.