Accessibility links

Түркияда Иранға хабар тарататын телеарна иесі оққа ұшқан


GEM TV director, Saeed Karimian
GEM TV director, Saeed Karimian

Түркияда Иранға хабар тарататын Gem TV телеарнасының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы 45 жастағы Саид Каримиан мен оның кувейттік іскерлік әріптесін бетперде киген белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен. Оқиға Стамбул қаласының Маслак ауданында болған. Оқиға орнынан қашып кеткен қылмыскерлердің көлігінің кейін өртенген қаңқасы табылған. Түрік полициясы қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Әу баста Ұлыбритания астанасы Лондонда орналасқан Gem Group компаниялар тобы кейін қызметінің негізгі бөлігін Дубайға көшірген. Ресми сайтындағы ақпаратта конгломерат парсы тілінде хабар тарататын 17 телеарнаның, сонымен бірге, араб, күрд және әзербайжан тілдерінде хабар тарататын 3 телеарнаның иесі екені жазылған.

XS
SM
MD
LG