Accessibility links

АҚШ сенаты Ресей санкциялары туралы заң жобаларын қарауды кейінге қалдырды


Боб Коркер, АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы.
Боб Коркер, АҚШ сенатының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы.

Америкалық сенаторлар Ресей азаматтары мен корпорацияларына қарсы санкцияларды заңдастыратын және президент сайлауы кезіндегі кибершабуылдарға қатысы бар ресейліктерге қосымша айып шараларын жасауды қарастыратын заң жобаларын мақұлдауды кейінге қалдырды. Бұл туралы сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Боб Коркер хабарлады.

Қаңтар және ақпан айларында сенаторлар АҚШ Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң және АҚШ-тағы президент сайлауын киліккені үшін салған санкцияларын бір жүйеге келтіретін екі заң жобасын енгізген. Сенаторлар президент Дональд Трамп Кремльмен Сирия дағдарысын шешуде ары қарай да ынтымақтастық орнату үшін санкцияның бір бөлігін жоюы мүмкін деп қауіптенген. Коркердің мәлімдеуінше, бұл қауіп қазір сейілген және Трамптың Ресеймен "Сирияға қатысты арзан келісім" жасасатынына ешкім сенбейді. Коркер Кремльдің АҚШ-тағы сайлау процесіне килігуін тексерудің аяқталғанын күте тұрып, заң жобаларын ол тексерудің қорытындысы жарияланған соң талқылауды ұсынды.

Сенаторлар мұның есесіне Ресейдің Еуропа мен АҚШ-тағы пропагандасына қарсы заң жобасына дауыс бермек.

XS
SM
MD
LG