Accessibility links

Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың THAAD зымыраннан қорғаныс жүйесі іске қосылды


АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатқан THAAD зымыраннан қорғаныс жүйесі.
АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатқан THAAD зымыраннан қорғаныс жүйесі.

АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатқан зымыран шабуылынан қорғаныс жүйесі іске қосылды. АҚШ және Оңтүстік Корея әскерилерінің 2 мамырда хабарлауынша, Сончжуда орналасқан Terminal High Altitude Area Defense (THAAD) жүйесі Солтүстік Кореяның кез-келген зымыранын "алдын ала" қағып түсіретін мүмкіндігі бар.

THAAD жүйесі әуелде мамырдың соңында іске қосылуы тиіс болған. Бұл жүйеге Ресей мен Қытай "аймақтағы күштердің тепе-теңдігін бұзады" деп қарсылық танытқан. АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне Оңтүстік Кореядағы оппозиция да қарсы шыққан.

THAAD-қа қарсылар АҚШ пен Оңтүстік Корея үкіметі қорғаныс жүйесін 9 мамырда өтетін мерзімінен бұрын президент сайлауына дейін әдейі ерте орнатып отырған жоқ па деп күмәнданады. Себебі сайлауда жеңіске жетуден бірден-бір үміткер, Солтүстік Кореямен қарым-қатынасты жақсартуға шақырып жүрген либерал Мун Жэ-ин егер президент болып сайланса THAAD жүйесін орнату мәселесін қайта саралайтынын мәлімдеген.

Оңтүстік Кореяның бұған дейінгі президенті Пак Кын Хе коррупциялық жанжалға байланысты импичмент алып, наурызда қызметінен кетірілген.

Солтүстік Корея 29 сәуірде кезекті рет зымыран ұшырып, ол көкке көтерілгеннен көп ұзамай әуеде жарылып кеткен.

XS
SM
MD
LG