Accessibility links

ИМ Сирияда босқындар лагерінің жанында шабуыл жасады


Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке провинциясында босқындар лагерінде отырған сириялық босқын әйел.
Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке провинциясында босқындар лагерінде отырған сириялық босқын әйел.

Сириядағы жағдайға бақылау жасайтын Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары Сирияның солтүстік-шығысындағы босқындар лагеріне шабуыл жасады. Шабуылдан кем дегенде 38 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды. Шабуыл Сирия мен Ирактың шекарасындағы Ражм әл-Салиби бақылау-өткізу пунктіне жасалды. Бұл аймақ АҚШ қолдайтын "Сирия демократиялық күштері" көтерілісшілерінің бақылауында.

Бақылаушылардың мәліметінше, ИМ өкілдері Эль-Хасака провинциясы мен елдің оңтүстігіндегі содырлардың бақылау жасайтын аудандарды бөліп тұратын майдан шебіндегі елді мекенге еніп кеткен. Әзірге белгілі болғандай, бірнеше адам күрдтердің бақылау-өткізу пунктінде өзін-өзі жарып жіберіп, тағы бірнеше содыр ИМ-нен қашқан мыңға тарта адам тұратын уақытша паналау лагерлерінде ұйықтап жатқан бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады.

Өздерін "Сирия демократиялық күштері" деп атайтын күрд және араб жасақтарының коалициясы Сирияның солтүстігіндегі ауқымды территорияны өткен жылы тартып алған. Коалиция қазір содырларды олардың орталығы - Ракка қаласынан ығыстырып шығаруға талпынып жатыр.

XS
SM
MD
LG