Accessibility links

Өзбекстан ішкі әскерді ІІМ қарауына қайтарды


Өзбекстан ішкі істер министрі Абдусалом Азизов брифинг кезінде. Ташкент, 2 мамыр 2017 жыл.
Өзбекстан ішкі істер министрі Абдусалом Азизов брифинг кезінде. Ташкент, 2 мамыр 2017 жыл.

Өзбекстанның ішкі әскері 1 мамырдан бастап ішкі істер министрлігінің (ІІМ) құзырына өтті. Бұл туралы Өзбекстанның ішкі істер министрі Абдусалом Азизовке сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады. Ішкі әскер 2005 жылы мамырда Әндіжанда болған наразылық шерулері қатаң басып жанышталғаннан бір жылдан соң ІІМ қарауынан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) қарауына өткен еді.

"Президенттің қаулысы бойынша бұл әскерді бізге қайтарды. 1 мамырдан бастап олар ІІМ-нің қарауына толық өтті" деді Азизов брифингте. Ол сонымен қатар ІІМ-нің "кез-келген басқыншылыққа", әсіресе терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұратын күші жеткілікті екенін мәлімдеді. Ішкі әскерді ІІМ қарауына өткізу туралы қаулының мәтіні әзірге жарияланған жоқ.

Азизов ішкі істер министрі қызметіне қаңтарда тағайындалған. Ұлттық қауіпсіздік қызметін соңғы жиырма жыл бойы 73 жастағы Рустам Иноятов басқарып келеді. Оны өткен жылы күзде қайтыс болған президент Ислам Каримовтың ықтимал мұрагерлерінің бірі деп атаған.

XS
SM
MD
LG