Accessibility links

Түркия мен Әзербайжан біріккен әскери жаттығу өткізіп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия мен Әзербайжан біріккен әскери жаттығу өткізіп жатыр. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 1 мамырда басталған, 5 мамырда аяқталатын жаттығуға мыңға тарта әскери қызметкер қатысып жатыр. Жаттығуда әскери техника сынақтан өткізіліп, іс-қимылды үйлестіру машығы жетілдірілмек.

Әзербайжанның этникалық армяндар тұратын сепаратистік Таулы Қарабақ аймағы жаттығуды қатаң сынады. "Егер арандату болса, біз жауап қайтарамыз" деп мәлімдеді аймақ "басшылығының" өкілі Давид Бабаджан dpa агенттігіне.

Әзербайжан мен Армения жікшіл Таулы Қарабақ аймағы үшін жиі жанжалдасып жүр. Таулы Қарабақ Әзербайжаннан 1990 жылдардың басында болған соғыста тәуелсіздігін жариялаған. Ол соғыстан 30 мыңға тарта адам қаза тапқан.

Былтыр сәуірде Таулы Қарабақтағы әлсіз бітім бұзылып, армян сепаратистері мен әзербайжан әскерилері арасында төрт күндік ұрыс болған. Ол жанжалдан 75 адам қаза тапқан.

Армения мен Түркия арасындағы қарым-қатынас Бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясында бір жарым миллонға тарта армянның депортацияланып, жаппай қырылуына байланысты шиеленісті күйде тұр. Ондаған армяндардың қырғынын геноцид деп таныған. Бірақ Түркия ол оқиғаның геноцид екенін жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG