Accessibility links

Солтүстік Корея БАҚ-тары АҚШ профессорының ұсталғанын растады


Ким Санг Дук, Солтүстік Корея билігі ұстаған АҚШ азаматы
Ким Санг Дук, Солтүстік Корея билігі ұстаған АҚШ азаматы

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары өткен айда АҚШ азаматы, Пхеньянда дәріс оқитын профессордың ұсталғанын растады. Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас шиелініскен тұста осымен үшінші америкалық азамат ұсталып отыр.

Профессор Ким Санг Дук, немесе Тони Ким 22 сәуірде Пхеньян әуежайында "Солтүстік Кореяны жоюға бағытталған жаулық актісін жасағаны үшін" ұсталды деп хабарлады Солтүстік Корея Орталық ақпарат агенттігі (KCNA). Пхеньянның Ғылым және технология университетінің жетекшісі Пак Чан Мо 24 сәуірде 58 жастағы Ким Санг Дуктың 22 сәуірде Пхеньян әуежайында елден кетпек болғанда ұсталғанын айтты. Университет өкілі профессордың әйелімен Қытайға ұшпақ болғанда ұсталғанын жеткізді. Ким Санг Дук университетте бір айдай уақыт экономикалық пәндерден дәріс оқыған. Пак Чан Моның сөзінше, оған тұтқындаудың профессордың университеттегі жұмысына "ешқандай қатысы жоғын" ғана айтқан.

Швецияның Пхеньяндағы елшілігі өткен айда корей және америка азаматының ұсталғаны туралы білетінін хабарлап, бірақ комментарий бермеген. Вашингтон мен Пхеньян дипломатиялық қатынас орнатпағандықтан АҚШ-тың консулдық қызметін Швеция елшілігі атқарады.

АҚШ мемлекеттік департаменті өткен айда АҚШ азаматының ұсталғанын білетінін хабарлаған, бірақ "құпиялық" мақсатында комментарий беруден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG