Accessibility links

Путин Сочиде Ердоғанмен кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған.
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған.

Ресей президенті Владимир Путин 3 мамырда Сочиде Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездеседі. Кездесуде Сириядағы дағдарыс басты тақырыпқа айналады деген болжам бар. "Келіссөзде әрине, Сирия мәселесі талқыланады" деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Интерфакс" агенттігіне.

Сириядағы соғыста қарама-қарсы тараптарды қолдайтын Мәскеу мен Анкара Түркия 2015 жылдың соңында Сириямен шекарасында Ресейдің әскери ұшағын атып түсірген соң қарым-қатынасын қайта түзе бастаған.

3 мамырда Сочиге ұшпас бұрын журналистер алдында сөйлеген Ердоған Анкара мен Мәскеу үшін Сириядағы дағдарысты саяси жолмен шешу - ортақ мақсат екенін мәлімдеді.

Ресей мен Иран - Сирия президені Башар Асад билігін қолдаса, Түркия Асадты құлату үшін соғысып жатқан белгілі бір оппозициялық топтарды қолдайды.

Путин мен Ердоған сонымен қатар 2015 жылғы шиеленістен бері күшінде тұрған кейбір екі жақты сауда шектеулерін де талқылауы мүмкін. Түркия Ресейді кейбір ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға салған санкцияларын жойғызуға тырысып келе жатыр. Түркия таяуда өзінің тауар импорттаушыларын қолдау мақсатында Ресейдің кейбір ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде бидай импортына 130 пайыздық салық салған.

Ердоған 3 мамырда Ресейдің Түркияға қарсы салған санкциялары толықтай және тез арада жойылғанын қалайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG