Accessibility links

Сирия оппозициясы қауіпсіз аймақтар құру жоспарына күмән білдірді


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (сол жақта) Ресейдің келіссөздегі өкілі Александр Лаврентьевпен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Астана, 3 мамыр 2017 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура (сол жақта) Ресейдің келіссөздегі өкілі Александр Лаврентьевпен (оң жақта) сөйлесіп тұр. Астана, 3 мамыр 2017 жыл.

Астанада бүгін Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздің екінші күні басталады. Кеше Сирияның қарулы оппозициясы келіссөзге қатысуды тоқтататынын мәлімдеп, Сирия үкіметінің бейбіт тұрғындарды бомбалауын тоқтатуға шақырған. Бұл жайында 3 мамырда Астанада Сирия ұлттық коалициясының (SNC) ресми өкілі Ахмад Рамадан жариялаған. Ол оппозиция делегациясы Астанада қалып, қақтығысты тоқтату режимінің бұзылуын талқылауға және қауіпсіздік аймақтарын құру жоспарына қатысты сұрақтарын қоюға ниетті екенін айтты.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура мен Ресейдің келіссөздегі өкілі Александр Лаврентьев оппозиция делегациясын 4 мамырдағы келіссөзге қатысуға шақырды. Ресейдің Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру ұсынысы Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоғанның Сочиде 3 мамырда өткен кездесуінде талқыланды. Лаврентьев аталған жоспар бойынша "қарулы оппозиция кепіл елдердің қолдауымен террористік ұйымдарға қарсы тікелей күресетін" төрт қауіпсіз аймақ құру қарастырылғанын айтты.

Оның сөзінше, аймақтарды құру жоспары қалыпты оппозицияны террористік ұйымдардан бөлу проблемасын "орнынан қозғап", оппозиция мен үкімет әскері арасындағы "қарулы қақтығысты" азайтуы тиіс. Сирия сыртқы істер министрлігі 3 мамырда қауіпсіздік аймақтарын құру ұсынысын "толық қолдайтынын" мәлімдеді. Бірақ Сирия ұлттық коалициясының Ахмад Рамадан оппозиция бұл ұсынысты 3 мамырда ұсынылған күйінде қабылдай алмайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG