Accessibility links

Министр: Президенттіктен үміткерлерге қосымша талаптар қойылмақ


Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.
Марат Бекетаев, Қазақстан әділет министрі.

Қазақстанда заңға президенттіктен үміткерлерге қосымша талаптар қою туралы өзгерістер енгізілмек деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Бүгін мәжілісте Қазақстанның кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев президенттікке кандитаттарға қосымша бірнеше талап қойылмақ екенін айтты. Министрдің сөзінше, жобаға сай кандидаттарға мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған кем дегенде бес жыл тәжірибесі болуы, президенттік міндетін атқаруына кедергі келтіретін ауруы жоқтығын растау туралы талаптар енгізу ұсынылады. Кандидат міндетті медициналық тексеруден өткізіледі. Бұл талап "Сайлау туралы" заңға енгізілмек.

Қазақстанда биыл көктемде конституцияға президенттің кейбір өкілеттіктерін үкімет пен парламентке бөліп беруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

XS
SM
MD
LG