Accessibility links

"Қазгидромет": СҚО бөгендерінде су дейгейі әлі көтерілуі мүмкін


Тепличное ауылының маңында бөгет салып жатқан тұрғындар. Солтүстік Қазақстан облысы, 5 мамыр 2017 жыл.
Тепличное ауылының маңында бөгет салып жатқан тұрғындар. Солтүстік Қазақстан облысы, 5 мамыр 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында 224 үй әлі суда тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір Есіл өзеніндегі Сергеевка бөгені 131 пайызға, ал Петропавл бөгені 115 пайызға толып тұр. Соңғы тәулікте Пакровка, Новоникольск ауылдарында су деңгейі 51-ден 15 сантиметрге дейін төмендеп, Петропавл бөгеніндегі деңгейі 6 пайызға көтерілді. "Қазгидромет" мекемесі мамандарының айтуынша, су деңгейінің көтерілуі екі күнге жалғасып, тағы 12-13 пайызға жоғарылайды деген болжам бар.

4 мамыр күні болған қатты желдің салдарынан пайда болған су толқындары Тепличное, Былғары зауыт ауылдарының да бөгеттерін қиратқан. Күшті толқын Тепличное ауылындағы бөгеттерді бұзып, ауылға су өте бастаған. Қазір 30-дан астам техника жұмылдырылып, су бөгетін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Петропалв маңындағы су басқан Тепличное ауылы. 5 мамыр 2017 жыл.
Петропалв маңындағы су басқан Тепличное ауылы. 5 мамыр 2017 жыл.

ТЖД мәліметіне қарағанда, алғашқы толқыннан кейін Петропавл бөгеніндегі судың деңгейі 11 метр 67 сантиметрге дейін жеткен. Кейін екінші толқын оны тағы 20 сантиметрге көтерді. Табиғаттың мұндай тосын құбылысы осыдан 23 жыл бұрын, 1994 жылы болған. Ол кезде судың деңгейі 11 метр 26 сантиметрді құраған.

XS
SM
MD
LG