Accessibility links

Гутерриш Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру жоспарына үміт артады


Антонио Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Ресей, Түркия мен Иран арасында Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру туралы жасалған келісімді сақтықпен құптап, келісімнің жергілікті жердегі нәтижелерін бағалаудың маңызды екенін айтты. "Гутерриш Сирияның маңызды аудандарында деэскалация аймақтарын құру туралы келісімнен үміттенеді. Бұл келісімнің расымен де сириялықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға септескені маңызды" деді Гутерриштің баспасөз хатшысы Стефан Дуджарик.

Астанадағы бейбіт келіссөзде екі ай мерзімде қауіпсіздік аймақтарын құру туралы жасалған меморандумда қақтығысты тоқтату, гуманитарлық жүк жеткізу, босқындарды қайтару, авиацияның ұшуына тыйым салу да қарастырылған.

Гутерриш қару-жарақ, оның ішінде әуе құралдарына тыйым салу, медициналық көмек бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізу міндеттемелерін құптады дейді Дуджарик.

AzattyqTV

Ел атауының өзгеруіне қарсы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:47 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG