Accessibility links

Хекматияр Кабул мен Талибан арасындағы келіссөзге араағайын болуды ұсынды


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (сол жақта) мен Гулбеддин Хекматияр президент сарайына келе жатыр. Кабул, 4 мамыр 2017 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (сол жақта) мен Гулбеддин Хекматияр президент сарайына келе жатыр. Кабул, 4 мамыр 2017 жыл.

Ауғанстандағы ең беделді қолбасшылардың бірі Гүлбеддин Хекматияр үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан барлық топтарды, оның ішінде "Талибан" қозғалысын тағы да үкімет әскеріне қарсы қарулы әрекетті тоқтатуға тағы шақырды. Ол үкіметпен бейбіт келіссөзде араағайын болуға дайын екенін мәлімдеді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы қуғында жүрген Хекматияр Кабулге кеше келген болатын. Хекматиярдың "Хизб-и-Ислами" партиясы жарты жыл бұрын Ауғанстан үкіметімен бейбіт келісімге қол қойған.

Хекматияр бүгін Кабулдың Ғази стадионында мыңдаған адам жиналған шеруге қатысып, сөз сөйледі. Жиында Хекматиярдың жақтастары оның партиясының жасыл түсті туын ұстап, "Ислам жасасын" және Аллаһу әкбар" деп ұрандатты.

Хекматияр барлық көтерілісшіл топтарды Ауғанстандағы "сырттан таңылған соғысты" тоқтатуға шақырды.

"Әр уәлаятта кісі топтап жерленген зираттар жетіп артылады" деген Хекматияр соғысты жалғастырудан ауғандықтар ғана құрбан бола беретінін айтты. Ол бұған қоса үкіметті бейбіт келісім негізінде өзіне алған міндеттемелерін, оның ішінде ауған түрмелерінде отырған "Хизб-и-Ислами" партиясының жүздеген өкілін босатуға шақырды.

Құқық қорғаушылар 1990 жылдардағы азамат соғысында жасалған жантүршігерлік қылмыстарға жауапты деп танылған Хекматиярдың адам құқығын бұзуына қатысты алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG