Accessibility links

АҚШ экономикасының жағдайы оңалып келеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресми мәліметтер бойынша, сәуір айында АҚШ-тың еңбек нарығында көрсеткіш күрт жақсарып, жұмыссыздық деңгейі соңғы он жыл көлеміндегі ең төменгі шамаға түскен. Жұмыс орындарының саны 211 мыңға көбейген, жұмыссыздық 4,4 пайызға дейін құлдырап, болжанған деңгейден төмен болып шыққан. Сағатына төленетін орташа еңбекақы мөлшері 2,5 пайызға көбейіп, 26 доллар 84 центке дейін өскен.

АҚШ-та жұмыспен қамту көрсеткіші соңғы екі жарым жылда ай сайын көтеріліп келеді, бұл 2008-2009 жылдары болған рецессия зардабын түгел дерлік жоюға мүмкіндік тудырып отыр. Әсіресе жұмыс орындарының көбеюі президент Дональд Трамп үшін маңызы басым көмір және қайта өңдеу өнеркәсібі, сонымен бірге туристік және қонақ үй бизнесі, білім мен медицина салаларында тіркелген.

Сәуірде ақ нәсілді америкалықтар арасында жұмыссыздық көрсеткіші 3,8 пайыз, Азиядан шыққандар арасында – 3,2 пайыз, испантілділер арасында – 5,2 және афроамерикалықтар арасында - 7,9 пайыз болған.

XS
SM
MD
LG