Accessibility links

АҚШ шенеуніктері сайлауға Ресейдің араласуы жайлы куәлік бермек


АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп пен бұрынғы басшысы Барак Обама. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп пен бұрынғы басшысы Барак Обама. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама әкімшілігінің екі шенеунігі АҚШ сайлауына Ресейдің араласуы жайында Сенатта 8 мамыр күні куәлік бермек.

Сенат сот комитеті алдында Салли Йетс жауап бермек. Йетсті Трамп билікке келгеннен кейін қызметінен босатқан еді. Куәлік беретін екінші шенеунік - Джеймс Клаппер. Ол Барак Обама тұсында ұлттық барлау қызметінің директоры болған.

Сенат сот комитеті Трамп командасының да Мәскеумен байланыстарын тексермек. Мәселен Клаппер Трамп командасының Мәскеумен байланысы бар деген болжам айтады. Трамп Мәскеумен қандай да бір байланысы болғанын теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG