Accessibility links

Головкин-Альварес кездесуі қыркүйекте өтеді


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте күні өтетін болды. Бұл туралы Головкиннің командасы (GGG Team) ресми түрде хабарлады.

Бүгін Лас-Вегаста (АҚШ) Альварес өз отандасы кіші Хулио Сезар Чавесті жеңді. Бұл кездесуді арнайы келіп тамашалаған Головкин жекпе-жектен кейін рингке шығып, қыркүйекте Альвареспен болатын кездесуге дайын екендігін мәлімдеді. Жекпе-жек орта салмақта (74,6 кг) өтеді.

Головкин мен Альварес кездесуі АҚШ-та ұйымдастырылады. 34 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 37 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 26 жастағы Альварес 49 кездесуде жеңіп, бір кездесуде тең түсіп, бір жекпе-жекте (Флойд Мейвезерден) жеңілген.

XS
SM
MD
LG