Accessibility links

Назарбаев Францияның жаңа президенті Макронды құттықтады


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эммануэль Макронды Франция президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстан президентінің ресми сайтында жеделхатта «Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін» деп жазылғаны хабарланған. Назарбаев Францияның жаңа лидерінің бастамаларына сәттілік, француз халқына бақ-береке тілеген.

7 мамыр күні өткен президент сайлауының екінші турында Макрон әсіреоңшыл саясаткер Марин Ле Пен ханымды жеңіп, Францияның ең жас президенті болды. Францияның бұрынғы экономика министрі, бұрынғы банкир Эммануэль Макрон сайлаушылардың 65 пайыздан астам дауысын жинады.

Сайлаудың жай-жапсарын Азаттықтың "Макронның жеңісі ЕО үшін неге сонша маңызды болды?" деген мақаласынан оқи аласыз.

XS
SM
MD
LG