Accessibility links

Меркельдің партиясы Шлезвиг-Гольштейнде жеңді


Германия канцлері Ангела Меркель. Мальта, 3 ақпан 2017 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель. Мальта, 3 ақпан 2017 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркельдің "Христиан демократиялық одағы" (ХДО) жексенбі күні Шлезвиг-Гольштейн аймағында өткен сайлауда жеңді.

ХДО Шлезвиг-Гольштейнде бұған дейінгі сайлауға қарағанда 2 пайыз дауыс артық алып, 32,5 пайыз жинаған. Бұл партияның басты қарсыласы - социал-демократтар партиясы бұрынғыдан 4 пайыз кем дауыс алып, 27 пайыз жинаған. Әсіреоңшыл "Германияға балама" партиясы 6 пайыз ғана - "Жасылдар" мен "Еркін демократтардан" екі есе аз - дауыс алған.

Шлезвиг-Гольштейндегі сайлау Германияда қыркүйекте өтетін бундестаг сайлауы қарсаңында сайлаушылардың көңіл ауанын бақылайтын маңызды сәт болған.

Ангела Меркельдің пікірлесі Эммануэль Макронның Франция президенті болып сайлануы ХДО-ның рейтингін біраз арттырған.

Алдағы жексенбі күні Германияның ең маңызды электоралдық аймағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда сайлау өтеді.

XS
SM
MD
LG