Accessibility links

Reuters: Макронның жеңісінен кейін еуроның курсы өсті


Еуро. (Көрнекі сурет)
Еуро. (Көрнекі сурет)

Франциядағы президент сайлауында Эммануэль Макронның жеңгені белгілі болған соң еуроның курсы бірден өсіп, соңғы жеті айдағы ең жоғарғы шегіне (1 еуро - 1.098 доллар) жетті деп хабарлады Reuters.

Жексенбі күні өткен Франция президенті сайлауының екінші турында центрист, 39 жастағы Эммануэль Макрон 66 пайыз дауыспен жеңіп, бұл елдің жаңа президентіне айналды.

Эммануэль Макрон еуропалық интеграцияны жақтайтын, бизнесті қолдауға бағытталған саясат жүргізетін тұлға ретінде сипатталады. Ол сайлауда Францияны Еуропа Одағынан (ЕО) шығарып алу, еуро валютасынан бас тарту ниетін байқатқан ұлтшыл саясаткер Марин Ле Пеннен озған.

Сарапшылар Франциядағы президент сайлауы нәтижесін ЕО мен оған мүше елдер қатты күткенін айтады. Өйткені мұның алдында ЕО құрамынан Ұлыбритания шығып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG