Accessibility links

Астанада соғыс ардагерлеріне 500 мың теңгеден берді


Бойжеткен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін сүйемелдеп келеді. Астана, 4 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Бойжеткен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін сүйемелдеп келеді. Астана, 4 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Астанада тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 500 мың теңге (шамамен 1580 доллар) көлемінде сыйақы берілді деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік дерегінше, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға 400 миллион теңгеден астам соманың түрлі әлеуметтік көмегі қарастырылған - коммуналдық қызметтер үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді, санаторлық-курорттық ем-дом мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.

Қазір Астанада 121 соғыс ардагері (99-ы – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан) тұрады, оның 22-сі – мүгедек адам.

XS
SM
MD
LG