Accessibility links

ЕҚЫҰ Беларусьте орындалған өлім жазасын айыптады


Гомель аудандық сот ғимараты. (Көрнекі сурет.)
Гомель аудандық сот ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өлім жазасына кесілген адамның сот үкімін орындаған Беларусьті айыптады. Бұл мемлекетЕуропада сот жазасының ең ауыр түрі - өлім жазасын қолданып келе жатқан жалғыз ел. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі ұйымы директоры Георг Линк суыт хабарға тіксініп қалғанын мәлімдеді.

Өткен аптада беларусь адам құқығын қорғау тобы өлім жазасының орындалғаны жайлы хабарлағаннан кейін Еуропа Одағы ондай жазаны қолдануды айыптаған. Адам құқығын қорғаушылар зорлау және асқан қатыгездікпен адам өлтіру қылмысына айыпты деп танылған Гомель тұрғыны Сергей Востриковқа шығарылған өлім жазасы орындалғаны туралы ақпарат таратқан.

Еуроа Одағы өкілі Майя Косьянич Еуроодақ «қандай да болмасын жағдайда» мұндай жаза қолдануға үзілді-кесілді қарсы екені туралы мәлімдеген. Өткен жылы Беларусь өлім жазасы туралы төрт үкімді орындаған. Оған дейін 2004 жылдың қарашасынан бері бұл елде өлім жазасы қолданылмаған еді.

XS
SM
MD
LG