Accessibility links

Шымкентте Жеңіс күні "Қаһарман ұлт" шеруі өтті


Жеңіс күні ұйымдастырылған "Қаһарман ұлт" атты шеруге қатысушылар. Шымкент, 9 мамыр 2017 жыл.
Жеңіс күні ұйымдастырылған "Қаһарман ұлт" атты шеруге қатысушылар. Шымкент, 9 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Шымкент қаласында Абай саябағындағы Даңқ мемориалында екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.

Жиналғандар саябақтағы "Мәңгілік алау" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқандарды еске алды. Даңқ мемориалында есімдері қашап жазылған жауынгерлердің ұрпақтары құран оқыды.

Жеңіс күні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ұйымдастырған «Қаһарман ұлт» атты шеруге мыңнан аса адам қатысты. Шеруге қатысушылар соғыста қаза тапқандар мен майданға қатысқан ардагерлердің суреттерін ұстап шықты. Әскери үрмелі аспаптар оркестрі марштар орындады.

Шараға қатысушылардың кеудесіне «Георгий лентасын» тағып шығуы кейбір адамдардың наразылығын тудырды.

«Тәуелсіз елде отаршылдық символикасы іспеттес «Георгий лентасын» тағып жүру қажет емес, бұған қатты мән берілуі тиіс» дейді белсенді Өмір Шыныбекұлы Азаттық тілшісіне.

Ресей мен кейбір постсоветтік елдерде 2005 жылы басталған «Георгий лентасын» тарату акциясы содан бері жыл сайынғы дәстүрге айналған. Постсоветтік елдерде оны қолдайтындар да, бұл лентаны тағуға қарсылар да бар. Биылғы мереке қарсаңында Қазақстанда белсенділер «Жеңістің көк таспасын» тарату акциясы өткен. Оны ұйымдастырушылар Жеңіс мерекесі кезінде ресейлік «Георгий лентасына» балама ретінде Қазақстан туының түсіндей көк және ұлттық нақыштағы ою-өрнек салынған лента тағып жүруді ұсынған.

Оралдағы "Мәңгілік полк" акциясы:

Оралдағы "Мәңгілік полк" акциясына шыққандар екіге бөлінді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:24 0:00

XS
SM
MD
LG