Accessibility links

Йейтс АҚШ сенатында Флинн туралы айтты


АҚШ-тың бұрынғы әділет министрі қызметін атқарушы Салли Йейтс сенатта жауап беріп отыр. Вашингтон, 8 мамыр 2017 жыл.
АҚШ-тың бұрынғы әділет министрі қызметін атқарушы Салли Йейтс сенатта жауап беріп отыр. Вашингтон, 8 мамыр 2017 жыл.

АҚШ-та бұрын әділет министрі қызметін атқарған Салли Йейтс елдегі сайлауға Ресейдің қатысы болған-болмағанын тексеріп жатқан сенат комитетінде сөз сөйледі. Ол Дональд Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннің жайын Ақ үйге ескерткенін хабарлады.

Йейтстің сөзінше, ол 26 қаңтарда Ақ үйдің бас заң кеңесшісі Дональд Макганмен кездесіп, «Майкл Флинн Ресей елшісі Сергей Кислякпен байланысы жайлы анық емес ақпарат берді» деп мәлімдеген. Йейтс «Флиннің басшыларына теріс мәлімет бергенін білетін Ресей арнайы қызметі оны арандатуы мүмкін» деп қауіптенгенін айтады.

Флинн Трамп президент болып сайланғанға дейін Ресей елшісімен АҚШ-тың Кремльге қарсы санкциялары жайын талқылағанын жасырып қалғаны әшкере болған соң 13 ақпанда қызметінен кеткен.

Ал Флиннге байланысты сенатта жауап берген Салли Йейтс 30 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен қызметінен босатылған. Оған дейін әділет министрі қызметін атқарып отырған Йейтс «Трамптың бірнеше елдің азаматтарын АҚШ-қа кіргізбеуге туралы жарлығын сотта қорғауға заңды негіз жоқ» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG