Accessibility links

Мәскеудегі шеруде Таулы Қарабаққа байланысты жанжал шықты


Мәскеудегі "Бессмертный полк" акциясы кезінде армян өкілдері мен әзербайжан делегациясы арасындағы төбелес. 9 мамыр 2017 жыл.
Мәскеудегі "Бессмертный полк" акциясы кезінде армян өкілдері мен әзербайжан делегациясы арасындағы төбелес. 9 мамыр 2017 жыл.

Мәскеуде 9 мамыр күні "Бессмертный полк" ("Мәңгілік полк") акциясы кезінде армян және әзербайжан делегацияларының арасында жанжал болды.

Оқиға армян диаспорасы өкілдерінің акцияға өзін-өзі жариялап алған Таулы Қарабақ республикасының туын ұстап шығуынан туындады. Әзербайжан диаспорасының өкілдері туды көтермеуді талап етті. Полиция кикілжіңге келген екі жақты ажыратып, әзербайжан диаспорасының өкілдерін уақытша ұстап әкетті.

Таулы Қарабақ республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Биыл ақпанда Таулы Қарабақ билігі республиканың жаңа конституциясына қатысты референдум өткізген. Референдумды Әзербайжан да, Таулы Қарабақ жанжалын реттеу үшін құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы да (құрамында АҚШ, Ресей және Франция бар) мойындамаған.

XS
SM
MD
LG