Accessibility links

ЕО АҚШ-ты БҰҰ құрылымдарын қаржыландыруды азайтқаны үшін сынады


Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары
Федерика Могерини, Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини АҚШ-тың БҰҰ-ны қаржыландыруды 640 миллион долларға дейін қысқартқанын сынады. Могерини әлемдік мәселелерді бейбіт реттеудің маңызы әскери жолмен шешуден кем емесін мәлімдеді. Өткен аптада сенат мақұлдаған АҚШ бюджетінде қыркүйекте БҰҰ агенттіктерін қаржыландыруды 640 миллион долларға қысқартып, елдің қорғаныс шығындарын 15 миллиард долларға арттыру қарастырылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген Могерини ЕО бюджетінің жартысын БҰҰ агенттіктеріне өз еркімен бөлетінін, себебі БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, ЮНИСЕФ пен басқа да құрылымдарын бейбітшілікті сақтаудың шарты деп түсінетінін айтты. "Біз үшін БҰҰ агенттіктерін барлығымыз бірдей қаржыландырғанымыз маңызды. Қорғаныс шығындарын арттыру қандай маңызды болса бұлар да әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін соншалықты маңызды, кейде мәні одан да зор. Біз, еуропалықтар, БҰҰ-ның мұндай жүйесін қолдауды өз қауіпсіздігімізге қосқан үлес деп білеміз" деді Могерини.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли 9 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирия, Солтүстік Корея мен Иранға қатысты барынша барынша батыл және жазалау шараларын қолдануға шақырып, бюджеттің қысқарғаны туралы ешнәрсе айтпады.

XS
SM
MD
LG