Accessibility links

Петропавлда үлескерлер үйлерін даулап жүр


Салынып бітпеген үйін даулап жүрген үлескерлер құрылыс басында тұр. Петропавл, 10 мамыр 2017 жыл.
Салынып бітпеген үйін даулап жүрген үлескерлер құрылыс басында тұр. Петропавл, 10 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Петропавлда "Кансам" компаниясымен үй салып беру туралы келісімге отырған ондаған үлескерлер баспанасыз қалғанын айтып шағымданды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. "Кансам" компаниясы келісім бойынша үйді 2016 жылы тапсыруы тиіс еді әрі құрылыс соңғы технология бойынша "жылы қабырғалармен" жайлы етіп салынады делінген. Үй салу үшін компанияға миллиондаған ақша салдық деген үлескерлер келісім-шарт жасасқан құрылыс компаниясы өз міндетін уақытында орындамады дейді.

Жер "Исимбаева" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. "Кансам" компаниясының басшысы Самат Исин құрылыстың аяқталмауын жергілікті биліктен көреді. Исинның айтуынша, өткен жылы Қызылжарда Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары форумы 2016 жылы өтуі тиіс еді, бұл үй сол форумға байланысты салынуы керек болған. Форум Астанаға ауысқан соң жергілікті билік құрылысты тоқтатқан.

- Алғашында әкімдік құрылысқа рұқсат берген, ал былтырдан бері құрылысшыларға тыныштық бермеген жергілікті билік өкілдері енді үй тұрған жерді күштеп тартып алмақ, - дейді Самат Исин.

11 үлескер 3 қабатты үйден пәтер алуға 50 миллион теңгеге жуық қаражат аударған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тоқтатылған құрылыстың орнына енді 9 қабатты үй тұрғызылмақ.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев әкімдіктің шешімі бойынша бұл жер мемлекет қажеттілігіне алынатынын, қазір бағалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, кейін компенсация төленетін айтты.

Үйін даулаған үлескерлер жайлы видео репортаж:

Үйін ала алмай жүрген петропавлдық үлескерлер
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

XS
SM
MD
LG