Accessibility links

Трамп Лавровпен кездесуіне көңілі толатынын айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Вашингтон, 10 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткен келіссөзін "өте жақсы" деп бағалап, Вашингтон мен Мәскеудің Сириядағы алты жылдан асқан соғысты тоқтатуға күш салатынын мәлімдеді.

Сергей Лавров - Дональд Трамп қаңтарда қызметіне кіріскеннен бері онымен кездескен Ресей билігінің ең жоғарғы өкілі.

Журналистер алдында сөйлеген Трамп "Сирияға қатысты барлығы жақсы болады деп ойлаймын" деді. Брифингке Трамппен бірге әйгілі дипломат, қырық жылдан астам уақыт бұрын президент Ричард Никсонның әкімшілігінде қызмет атқарған Генри Киссинджер де қатысты. Киссинджер көп жыл бойы Ақ үй мен Кремль арасында делдал рөлін атқарған.

Ақ үйдің бұдан бұрын таратқан мәлімдемесінде Трамптың Лавровты Сирия президенті Башар Асад пен Иранды тежеуге шақырғаны айтылады. АҚШ президенті сонымен қатар Ресейдің Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын айқындайтын "Минск келісімін толық іске асыруға міндетті екенін" айтқан. АҚШ-тағы Ресей елшілігінде сөйлеген Лавров Трамптың Мәскеумен "прагматикалық, іскерлік қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын" мәлімдеді.

Трамп Лавровпен өткізген келіссөзінен бір күн бұрын федералдық тергеу бюросының (ФБР) директоры Джеймс Комиді отставкаға жіберген. Бюро Трамптың сайлауалды штабы қызметкерлерінің Ресеймен байланыстарын тексеріп жатқан еді.

XS
SM
MD
LG