Accessibility links

ЕҚДБ Ресейдің жаңа займ алуға салынған тыйымды жою өтінішін қабылдамады


Сума Чакрабарти, Еуропадағы қайта құру және даму банкінің президенті.
Сума Чакрабарти, Еуропадағы қайта құру және даму банкінің президенті.

Еуропадағы қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Ресейдің жаңа займдар алуға салынған тыйымды жою туралы өтінішін қайтарып тастады. Мәскеу оған жауап ретінде Қытай басқаратын банктерден қаржы сұрайтынын мәлімдеді. ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған үшін халықаралық санкция аясында қабылданған Ресейге займ беруді тоқтату шешімі "түпкілікті және орындалуға тиісті" екенін айтты. Ол сонымен бірге банк басшылығы Ресейге инвестиция салуды қайта бастау шарттарын талқыламағанын да айтты. ЕҚДБ өкілдері Кипрде өткен кездесуде директорлар кеңесінің 65 мүшесінің төртеуі ғана - Беларусь, Қырғызстан, Армения мен Моңғолия өкілдері Ресейдің өтінішін қолдағанын хабарлады. Әзербайжан мен Өзбекстан қалыс қалған.

Ресейдің экономика министрі Максим Орешкин ЕҚДБ "даму институты емес, сыртқы саясат құралына айналғанын" мәлімдеді.

ЕҚДБ 1991 жылы бұрынғы Совет одағы мен Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуіне жәрдемдесу үшін құрылған. Орешкин бұған дейін ең көп көлемде көмек алып келген Ресейдің болашақта банкті рекапитализациялауға қатыспайтынын айтты. Ол Ресей енді "саясиланбаған банктерден", оның ішінде Азия инфрақұрылым банкінен және жаңа құрылған БРИКС банкінен қаржы алуды қарастыратынын да білдірді. Бұл екі банкте де жетекші рөлді Қытай атқарады.

XS
SM
MD
LG