Accessibility links

Хаменеи сайлауда "Иранның ұлттық мүддесіне нұқсан келтірмеуді" ескертті


Аятолла Әли Хаменеи, Иранның рухани көсемі.
Аятолла Әли Хаменеи, Иранның рухани көсемі.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 19 мамырға белгіленген президент сайлауын болдырмаудың кез-келген әрекетіне тойтарыс берілетінін ескертті. Хаменеи Иранның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндердің "қатаң соққы алатынын" мәлімдеді.

Иран рухани көсемі егер ирандықтар сайлауға "заң мен ислам шарттарын" сақтай отырып қатысса онда дауыс берудің "ислам республикасына құрмет көрсетудің қайнар көзі болатынын" айтты.

Иранда мемлекеттік маңызды мәселелер бойынша соңғы сөзді айтатын Хаменеи "Бірақ егер ирандықтар заң бұзып, адамгершілікке жат қылық жасаса немесе жауларға дем беретін нәрселер айтса онда сайлау өз мазмұнынан айырылады" деді.

Екінші мерзімге президенттікке түсетін Иран президенті Хассан Роуханиге бұл сайлауда екі консерватор кандидат басты қарсылас атанбақ. Олардың бірі - қатаң саясатты ұстанатын, Хаменеи қолдайтын саясаткер Ебрахим Раиси.

XS
SM
MD
LG