Accessibility links

Нижний Новгородта билікті сынаған зейнеткер қамалды


Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы үйлердің бірі (Көрнекі сурет).
Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы үйлердің бірі (Көрнекі сурет).

Ресейдің Нижний Новгород қаласында сот 67 жастағы белсенді зейнеткер Петр Типаковты 9 мамыр күні Мәңгілік алауда сөйлеген кезінде билікті сынағаны үшін 10 тәулікке қамады.

Азаттықтың Орыс редакциясының "Росбалт" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Типаков Мәңгілік алауда Ресейде қазір "гитлершілдер жеңген жағдайда жүргізілуі мүмкін саясат үстемдік құрып тұрғанын" мәлімдеген. Зейнеткердің пікірінше, "Ресей халқы тоналып, ал банкирлер, миллиардерлер мен олигархтар көркейіп жатыр".

Зейнеткер сөйлеп тұрып "еңбек етушілер билігін қалпына келтіруге" шақырған кезде оны полиция ұстап әкетті. 10 мамырда өткен сотта Типаков полиция қызметкерлеріне бағынбағанын мойындады.

Петр Типаков "Еңбекшіл Нижний Новгород" қозғалысын басқарады. Бұл қозғалыстың сайтында қазір зейнеткердің әлдебір құрылыс кәсіпорнының бас директоры болып қызмет істейтіні жазылған.

XS
SM
MD
LG