Accessibility links

Украина арнайы қызметі Павел Шереметті қызметкері "аңдығанын" терістеді


Павел Шеремет мінген, жарылыс болған көліктің жанында жүрген мамандар. Киев, 20 шілде 2016 жыл.
Павел Шеремет мінген, жарылыс болған көліктің жанында жүрген мамандар. Киев, 20 шілде 2016 жыл.

Украина қауіпсіздік қызметі (УҰҚ) журналист Павел Шеремет қастандықтан қаза тапқанға дейінгі күні түнде оның үйінің маңында байқалған УҰҚ қызметкері 2014 жылы жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бұл туралы Facebook-те УҰҚ өкілі Елена Гитлянская хабарлады. 10 мамырда Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы мен Slidstvo.Info порталының журналистері дайындаған "Павелдің өлімі" деп аталатын зерттеу фильмі көрсетілген.

Журналистер фильмде бақылау камерасындағы видеоға талдау жасап, Шереметке қастандық жасалатынға дейінгі күні түнде оның үйінің жанында УҰҚ-ның бұрынғы әлде қазір жұмыс істейтін қызметкері Игорь Устименко жүрген деген тұжырым жасаған. Фильм авторларының мәліметінше, Устименко УҰҚ-де кем дегенде 2014 жылға дейін жұмыс істеген. Дегенмен Устименко арнайы қызметпен байланысы туралы комментарий беруден бас тартқан. УҰҚ да зерттеуге қатысты комментарий бермеген.

Бірақ УҰҚ журналистердің ведомствоға Устименко туралы зерттеу фильмі эфирге шыққан соң ғана сауал жолдағанын айтады.

Павел Шеремет 2016 жылы 20 шілдеде Киевтің орталығында өзі жүргізіп келе жатқан көлігінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жарылып, қаза тапқан. Көлік "Украинская правда" интернет басылымының иесі Анна Притулге тиесілі болған. Украинаның құқық қорғау органдары Шереметті кәсіби қызметі және Ресей мен Беларусьтегі оппозициялық белсенділігі үшін өлтірген деп біледі. Украина ішкі істер миинстрі Арсен Аваков журналистің өліміне Ресей арнайы қызметінің қатысы бар болуы мүмкін деп мәлімдеген.

Ресей Шереметтің қазасын "журналистің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады" деп Украина билігінен көреді.

XS
SM
MD
LG