Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысынан 300 адам Көкшетауға жұмысқа шақырылды


Сәтжан Полатов, Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары. 11 мамыр 2017 жыл.
Сәтжан Полатов, Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары. 11 мамыр 2017 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысынан 300 азамат Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы "Новопэк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) жұмысқа шақырылды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сәтжан Полатов айтты.

Полатовтың сөзінше, басқармада қолайлы жағдай жасалса солтүстік аймақтарға қоныс аударуға ниетті 724 отбасы тіркеуде тұр. "Новопэк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Айдар Жақыпов пен облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы меморандумға қол қойған.

- Ұсынылған жұмыс орындарын осы 724 отбасына хабарлаймыз. Жұмыс беруші Шымкентте жұмысшылармен әңгімелесіп, қабылдау, я қабылдамау туралы шешім шығарады. "Новопэк" қап және қолғап шығарумен айналысады. Әңгімелесуден өтіп, жұмысқа қабылданған азаматтар жұмыспен танысып, тұратын орындарын көреді. Оған кеткен барлық шығынды жұмыс беруші көтереді, - дейді шенеунік.

Полатов Ақмола облысы оңтүстіктен солтүстікке көшіп баратын аймақтардың тізіміне кірмейтінін, неге бұлай екенін білмейтінін айтады. Ол сол себепті баспанамен қамтамасыз ету, жол шығыны жұмыс берушінің есебінен өтелетінін, мұның арнайы меморандумда көрсетілген айтады.

Жұмыс пен баспана болмауы себепті Оңтүстік Қазақстан облысының кей тұрғындары солтүстік аймақтарға көшіп жатыр. Азаттық бұған дейін Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға көшіп барған кей тұрғындар уәделі көмекті әлі алмай, күнкөрістері қиындағаны туралы жазған. Жергілікті билік бұл жағдайды тұрғындардың өздерінен көреді.

Шымкентте солтүстік аймақтардағы бос жұмыс орындарын ұсынған кезекті еңбек жәрмеңкесі:

Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

XS
SM
MD
LG