Accessibility links

Тиллерсон: АҚШ климаттың өзгеруіне қатысты саясатын қайта қарауға асықпайды


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ақ үй климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылға қатысты саясатын қайта қарауға асықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Аляскадағы арктикалық аймақтар форумында айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін климаттың өзгеруі туралы ғылымды бірнеше рет сынап, оны "Қытай қолдайтын жалған ғылым" деп атаған. Трамп климаттың өзгеруімен күрес жөнінде 195 мемлекет қол қойған Париж келісімінен шығуға уәде берген. АҚШ президенті сонымен қатар баламалы қуат көздері индустриясына қарсы бірқатар шаралар қабылдап, қоршаған орта мәселелерімен айналысатын мемлекеттік агенттіктің бюджетін кәдімгідей қысқартуды да ұсынған.

Дегенмен Ақ үй осы аптаның басында Париж келісімінен шығу туралы кез-келген шешім "Үлкен жетілік" елдерінің маусымда өтетін кездесуінен соң қабылданатынын мәлімдеген. Арктика аймағына жататын елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытумен айналысатын Арктика кеңесінде сөйлеген Тиллерсон Вашингтонның проблемаларға құлақ асатынын мәлімдеді. "Біз асықпаймыз. Біз АҚШ үшін оң шешім қабылдауға жұмыс істейміз" деді мемлекеттік хатшы.

XS
SM
MD
LG