Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Шешенстанда гейлерді қудалауды тоқтатуға шақырды


Антонио Гутеррес, БҰҰ бас хатшысы.
Антонио Гутеррес, БҰҰ бас хатшысы.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутеррес Шешенстандағы гейлерді қудалауды тоқтатып, шешен билігі гей деп тұтқындап отырған адамдарды босатуға шақырды. 11 мамыр күні БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Стефан Дуяричке бас хатшының Шешенстандағы гейлерді қудалауға қатысты ұстанымы қандай деген сауал қойылған. Дуярич жауап ретінде бұған дейін БҰҰ сарапшыларының Ресейді ұсталғандарды босатып, барлық гомофобиялық акцияларды айыптауға шақырған үндеу жасағанын айтты.

"Бас хатшыға ешкімнің жыныстық бағыты немесе әлдекімді жақсы көргені үшін қудалауға ұшырамауы тиіс екені бесенеден белгілі" деді Дуярич. Ол Кремльдің "гомофобиялық мәлімдемелерді қатаң айыптай алмауы" гейлерге қатысты "жеккөрініштілік пен зорлық-зомбылықты" күшейтетінін айтты.

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Шешенстандағы гомосексуалистердің қудаланып жатқаны туралы ақпаратты тыңғылықты тексеруге шақырған. Ол бұл оқиғаны мұқият бақылап отырғанын да айтқан.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин ішкі істер министрлігі мен адам құқықтарымен айналысатын шенеуніктерге Шешенстандағы гейлерге қарсы "зорлық-зомбылық жайлы қауесетті" тексеруді тапсырған. Шешенстан басшылығы гейлерді қудалауғ туралы айыптарды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG