Accessibility links

АҚШ билігі "Касперский лабораториясы" өнімдерін қолдануды қайта қарайды


"Касперский лабораториясы" компаниясының Мәскеудегі кеңсесі (Көрнекі сурет).
"Касперский лабораториясы" компаниясының Мәскеудегі кеңсесі (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі үкіметтің ресейлік "Касперский лабораториясы" компаниясының бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін қолдануын Мәскеу оларды америкалық компьютер жүйелеріне шабуыл жасауға пайдалануы мүмкін деген қауіппен қайта қарап жатыр. Сенат комитетінің отырысында қорғаныс министрлігі барлау басқармасының директоры Винсент Стюарттың мәлімдеуінше, "Касперский лабораториясының" бағдарламалық өнімдері ведомствоның компьютерлік желілеріне орнатылмаған", бірақ оны келісім-шартпен жұмыс істейтіндер қолдануы мүмкін.

Осы аптада америкалық БАҚ Вашингтон ресейлік арнайы қызмет агенттері бұл бағдарламалық өнімдерді тыңшылық және компьютерге хакерлік шабуыл жасауға пайдалануы мүмкін екеніне алаңдай бастағанын хабарлаған. АҚШ-та Касперский лабораториясының өнімдері үйде, кеңселер мен мемлекеттік ведомстволарда кеңінен пайдаланылады. Компания Федералдық түрме бюросы мен қорғаныс министрлігінің кейбір бөлімдерімен келісім-шарт жасасқан.

Компания өзіне тағылған Ресей үкіметімен байланысы бар және қауіпсіздікке қатер төндіреді деген айыптарды жоққа шығарады. "Касперский лабораториясы" кез-келген үкімет институттарына кез-келген тергеуде көмек көрсетуге дайын. Компания барынша терең зерттеу айыптаудың негізсіз екеніне көз жеткізетініне сенімді" делінген компания таратқан мәлімдемеде.

11 мамырда ұлттық қауіпсіздік министрлігінің өкілдері Трамп үкіметтің киберқауіпсіздігін күшейту туралы жарлық шығарғанын хабарлаған. Бірақ жарлықта не айтылғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG