Accessibility links

Елеусінов соты: Прокурор айыптан ішінара бас тартатынын мәлімдеді


Әмин Елеусінов (әйнектің ар жағында) сот үзілісінде адвокатымен және қызымен сөйлесіп тұр. Астана, 12 мамыр 2017 жыл.
Әмин Елеусінов (әйнектің ар жағында) сот үзілісінде адвокатымен және қызымен сөйлесіп тұр. Астана, 12 мамыр 2017 жыл.

Бүгін Астананың Алматы аудандық №2 сотында Ақтаудағы Oil Construction Company компаниясы кәсіподағының жетекшісі Әмин Елеусіновті соты жалғасты. Сотта мемлекеттік айыптаушы прокурор Данияр Темірханов сотталушының кінәсін мойындайтыны туралы процессуалдық келісім жасасу жөніндегі өтінішін қарап, айыптаудан ішінара бас тарту қажет деген тұжырым жасағанын мәлімдеді. Темірхановтың айтуынша, прокуратура Елеусіновке тағылған кәсіподақтың 6 миллион 469 мың теңге қаржысын жымқырды деген айыбынан бас тартып, полицияға бағынбады, ғайбаттап, күш қолданды деген айыптарды күшінде қалдыруды қолдайды.

Әмин Елеусіновтің сотынан жүргізілген тікелей трансляция:

Прокуратура Елеусінов кәсіподақтың 14,6 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған дейді. Темірханов сотта бұл айып бойынша шығын көлемін 6 миллион 469 мың теңгеге ғана қысқартуға ғана келісетінін айтты. Тергеушілердің тұжырымы бойынша, 6 миллион 469 мың теңге Наурыз мейрамын өткізу үшін пәтер жалдауға, азық-түлік сатып алуға және музыкалық аспаптарды жалдауға жұмсалған және оның арасында кәсіподақ мүшелерінен санаторийде демалыс ұйымдастыруға жиналған кассаға түспеген қаржы да бар.

Қазір сотта сот-процессуалдық келісімнің мүлікті тәркілеу және шығынды өтеуге қатысты тұстарын нақтылауға байланысты сағат 15:00-ге дейін үзіліс жарияланды.

Әмин Елеусінов қылмыстық кодекстің төрт бабы - "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену, талан-таражға салу" (болжам бойынша, 14,6 миллион теңге), "Билік өкілін жұрт алдында немесе БАҚ яки телекоммуникация арқылы ғайбаттау", "Билік өкіліне бағынбау" және "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша айып тағылған.

Елеусіновке таққан айыпты оқыды (Азаттықтың 26 сәуірдегі видеосы):

Елеусіновке таққан айыпты оқыды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

Тергеу кезінде және сот басталған соң Елеусінов айыптарды теріске шығарған. Өткен аптада оның кінәсін мойындайтыны туралы сот-процессуалдық келісім жасасу жайлы өтініш бергені туралы ақпар шыққан.

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company (ОСС) компаниясы мұнайшыларының кәсіподақ төрағасы Әмин Елеусінов қаңтардың 21-інен бері Астанадағы ЕЦ-166/1 мекемесінде қамауда отыр. Ол ұсталарға дейін ОСС жұмысшылары компанияның Ақтаудағы кәсіподақ кеңсесінде және Қаламқас пен Жетібай кеншітерінде екі апта бойы аштық акциясын өткізген. Мұнайшылар биліктен Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жаппауды талап еткен.

Аштық акциясы кезінде Елеусіновпен бірге ұсталған, OCC компаниясы кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев өткен айда "сот заңсыз деп тапқан ереуілді жалғастыруға арандатты деп айыпталып, екі жарым жылға сотталған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG