Accessibility links

Шымкентте Ташкент кәсіпкерлерінің көрмесі өтіп жатыр


Шымкенттегі Ташкент кәсіпкерлерінің көрмесі өтіп жатқан ғимаратытң сырты. 12 мамыр 2017 жыл.
Шымкенттегі Ташкент кәсіпкерлерінің көрмесі өтіп жатқан ғимаратытң сырты. 12 мамыр 2017 жыл.

Шымкенттегі "Көрме" орталығында алғаш рет Өзбекстанның Ташкент қаласының кәсіпкерлері өндірген тауарлардың көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеге 200-ден аса өзбек кәсіпкерлері өз тауарларын ұсынған. Көрмеге тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина құрастыру, металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, жиһаз, киім және тоқыма, кәдесыйлар, ойыншық өндіретін кәсіпорындар келген

Өзбек кәсіпкерлерінің айтуынша, Өзбекстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен субсидия бөлінбесе де, жағдай жасалған, бәсеке басым. Бір ғана Ташкент қаласының өзінде 1500-ден аса кәсіпкер жұмыс істейді. Өзбекстанның өз ішкі тәртібіне байланысты баға белгіленген. Қазақстан нарығымен салыстырғанда әр тауардың бағасы 20-50 пайыз шамасында арзан. Ішкі нарыққа төселіп, кәсібін жолға қойған кәсіпорындарға өз өнімдерін басқа мемлекеттерге сатуға енді мүмкіндік беріле бастады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі көрме екі ел арасындағы экномикалық байланысты нығайтуға сеп болатынын айтады. Әкім көрмеде өзбек кәсіпкерлерін Шымкентте бірге жұмыс істеуге шақырды.

Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG