Accessibility links

Рудный қаласы әкімінің орынбасары "пара алған" деген күдікпен ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облысындағы Рудный қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов «пара алған» деген күдікпен ұсталған деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға сілтеме жасап Tengrinews.kz агенттігі.

Ұлттық бюроның ақпаратында Досболовтың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құбыр тарту жұмыстарын атқарған кезде қамқорлық жасау үшін мердігер компания «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры У.Мүсірәлиевтен 15 миллион теңге пара алған» деген күдікпен ұсталғаны айтылған.

Досболов пен Мүсірәлиев мамырдың 12-і күні Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

Күдіктілердің өздері немесе олардың өкілдері әзірше бұл ақпаратқа қатысты комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG