Accessibility links

Приштинада косовалық журналист Арбана Ксарраны соққыға жыққан


Косовалық журналист Арбана Ксарра.
Косовалық журналист Арбана Ксарра.

Приштинада жақында ғана саяси партияға мүше болған косоволық журналист Арбана Ксараны мамырдың 13-і күні үйінің маңында белгісіз біреулер соққыға жығып, журналист ауруханаға жеткізілген. Полиция оның денсаулық жағдайы тұрақты деп хабарлады. Әзірше шабуылға күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін Арбана Ксараның биылғы 11 маусымға белгіленген Косово парламенті сайлауына демократиялық партия атынан түсетіні туралы ақпарат тараған. Косово демократиялық партиясына мүше болып кіргенге дейін «Зерри» газетінде редактор болып істеген Арбана Ксара коррупция мен тамыр-таныстыққа байланысты күдігіне іліккен саясаткерлер жайлы сыни мақалаларымен, діни экстремизм туралы жазғандарымен танымал.

2015 жылы журналист Арбана Ксара АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батылдығы үшін" сыйлығымен марапатталған. Ол мақалаларында Сирия мен Ирактағы соғысқа «жихадшылар» қатарына адам тартқандардың аты-жөнін атап жазған.

XS
SM
MD
LG