Accessibility links

Франция президенті Макронның инаугурациясы өтіп жатыр


Францияның жаңадан сайланған президенті Эммануэль Макрон (сол жақта) мен президенттік қызмет мерзімі аяқталған Франсуа Олланд (оң жақта) инаугурация кезінде. Париж, 14 мамыр 2017 жыл.
Францияның жаңадан сайланған президенті Эммануэль Макрон (сол жақта) мен президенттік қызмет мерзімі аяқталған Франсуа Олланд (оң жақта) инаугурация кезінде. Париж, 14 мамыр 2017 жыл.

Францияда бүгін жаңадан сайланған президенттің инаугурациясы өтіп жатыр. 39 жастағы Эммануэль Макрон қазіргі заманғы Франция тарихындағы ең жас президент болып отыр. Елдің келесі премьер-министрі дүйсенбі күні тағайындалады, ал министрлер кабинеті сейсенбіде жасақталады деп хабарлады президент Эммануэль Макронның төңірегіндегі дереккөзге сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Парижде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қызмет мерзімі аяқталған президент Франсуа Олланд Макронды Елисей сарайының алдында қарсы алды. Бұдан соң екеуі Париж ратушасына қала мэрінің қабылдауына бірге барды.

Ертең Макрон алғашқы шетелдік сапарына – Германияға аттанады. Ол Макрон Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Жұма күні Меркель Францияның жаңа үкіметімен тығыз әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеуге уәде берген. Мамырдың соңында Макрон Брюссельде басталатын НАТО саммитіне барады. Онда Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз өткізеді деп жоспарланған.

Францияда президент Эммануэль Макронды ұлықтау рәсімі өтті:

Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне кірісті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

XS
SM
MD
LG