Accessibility links

Ақ үйде әлем бойынша жаппай кибершабуылға байланысты шұғыл жиын болды. АҚШ президенті әкімшілігінің қызметкері Reuters агенттігіне Федералдық тергеу бюросы (Federal Bureau of Investigations немесе FBI) мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігі шабуылды кім ұйымдастырғанын анықтауға тырысып жатқанын айтады. Кеше әлемдік ақпарат құралдары 150 елде жүз мыңдаған компьютер шабуылға ұшырағанын хабарлаған. Кибершабуыл нәтижесінде WannaCrypt [WCry немесе WannaCryptor деп те аталады] бағдарлама-вирусы компьютердегі мәліметтерді түгел бұғаттап тастап, оны қайта ашу үшін биткоинмен ақша төлеуді талап етеді.

Аты-жөнін атамаған шенеунік 14 мамыр күні күш құрылымдарының жоғары шенді шенеуніктері Ақ үйде шұғыл жиын өткізгенін айтқан.

13 мамыр күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Том Боссертке дүниежүзілік кибершабуылдың қауіп-қатерін бағалау үшін шұғыл кеңес өткізуді тапсырған.

Еуропа полиция агенттігі (Europol) директоры BBC-ге берген сұхбатында 150 елде 200 мыңнан астам адам жапа шеккен кибершабуыл дүйсенбіде жұмыс аптасы басталғанда адамдар компьютерлерді қосқан кезде қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Europol қаскөйлерді іздеп табу үшін кибер-шабуылдан зардап шеккен елдердің құқық органдарымен бірлесіп әрекет етпекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG