Accessibility links

Мәскеудегі метроға Сталиннің суретін ілді


Мәскеу метросының "Сокольники" станциясына ілінген Иосиф Сталинің суреті. 14 мамыр 2017 жыл.
Мәскеу метросының "Сокольники" станциясына ілінген Иосиф Сталинің суреті. 14 мамыр 2017 жыл.

Мәскеуде метроның алғашқы станциясының іске қосылғанына 82 жыл толған күні станцияға совет диктаторы Иосиф Сталиннің суреті ілінді. Сурет 14 мамыр күні Мәскеудің солтүстік-шығысында 1935 жылы 15 мамырда метроның іске қосылған "Сокольники" станциясына кіреберісте "тарихи реконструкция" деп аталатын шара аясында ілінген.

"Реконструкцияны" метро басшылығы ұйымдастырған. Бұл акция аясында станция вестибюліне сонымен қатар "Бастамашыл, метро құрылысына дем беруші, ұлы Сталинге пролетариаттан сәлем!" деп жазылған баннер де ілінді.

Сталиннің суретінің пайда болуы әлеуметтік желілерде қандықол диктаторды ресми ұлықтау әрекетін сынаған ресейлік қолданушылардың реакциясын тудырды. Ресей президенті Владимир Путинді сынаушы, сатирик Виктор Шендерович мұндай ұстаныммен елде Дене шынықтырушылар күні совет кезінде ондаған адамды өлтірген қылмыскер Андрей Чикатилоның суреті де ілінуі мүмкін деген пікір білдірді. "Ол бізде дене шынықтыру пәнінің ең әйгілі мұғалімі болды, солай емес пе? Оны нашар дене шынықтыру мұғалімі болды деп кім айтады? Тамаша дене шынықтыру мұғалімі, шымыр болған, көпшіліктің есінде қалды. Көп кісіні өлтірген дейсіз бе? Әрине, солай, бірақ ол кем дегенде Сталинмен салыстырғанда болмашы ғана нәрсе" деп жазды Шендерович Facebook-те.

Ресейде Сталинге деген қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Көпшілігі оны Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңді деп ұлықтайды, ал кейбірі оны миллиондаған совет азаматы құрбан болған репрессияны жасады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG