Accessibility links

Францияның жаңа премьер-министрі тағайындалды


Эдуард Филипп, Францияның жаңа тағайындалған премьер-министрі
Эдуард Филипп, Францияның жаңа тағайындалған премьер-министрі

Францияның солтүстік-батысындағы Гавр қаласының мэрі Эдуард Филипп ел премьер-министрі болып тағайындалды. Жаңа президент Эммануэль Макронның бұл шешімі туралы Елисей сарайының бас хатшысы Алекси Колер хабарлады.

46 жастағы Эдуард Филипп оңшыл "Республикашылдар" партиясының өкілі. Ол Макронға қосылған бұрынғы социалист депутаттарға қарсы салмақ болады. Филипп Францияда саясаткерлердің ондаған жылдар бойы солшыл және оңшыл болып бөлінуін тоқтатуға уәде берді.

Филипп бұрынғы премьер-министр, "Республикашылдар" партиясының ұстамды қанатын басқаратын Ален Жюппенің жақын серігі. Оның премьер болып тағайындалуы республикашылдар қатарынан біраз адамды тарты мүмкін.

Францияның қазіргі саяси тарихында президент премьерді бірінші рет өзге лагерден тағайындап отыр. Макронның жеңісі он жыл бойы басты екі оңшыл және солшыл партиялар үстемдік етіп келген Францияның саяси ландшафтындағы үлкен ілгерілеу саналады.

XS
SM
MD
LG